Валюта күні
*15 қараша-Ұлттық валюта – теңге күніне арналған тәрбие сағаты 6 "Б" сыныбында өткізілді.1. Білімдік мақсат:
- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы, шығу себептері мен маңызын түсіндіру.
- Теңге туралы негізгі ақпаратты меңгерту.
2. Тәрбиелік мақсат:
- Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
- Ақшаға ұқыптылықпен қарауға, қаржылық сауаттылыққа баулу.
3. Дамытушылық мақсат:
- Оқушылардың сөйлеу, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
- Қаржы туралы білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
Сабақ барысында топқа бөлу, Ой қозғау, Топтық тапсырмалар, Мақал-мәтелдер сайысы мен шығармашылық жұмыстар орындалды.
Қауіпсіздік сабағында:Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?
Тақырыпта оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, жағдайатты тапсырмалар орындалды.
Сынып жетекші:Кошкимбаева Н. С.
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Аягөз
#Абай180жыл_Абай_облысы_Аягөз
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Аягөз
https://www.instagram.com/p/DQ9UCqMjGoe/?igsh=ZTQzZzUyM3RlcTNv









