RU KZ

Кәсіби дамудын алгашкы кадамдары

Абай облысы Білім басқармасының Аягөз ауданы Білім бөлімінің «Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Жас маман: кәсіби дамудың алғашқы қадамдары» тақырыбында кәсіптік бағдар беруші Тлеубергенова Ұлжан мен мектеп психологы Капенова Гаухар Серікханқызы жас мамандарға арналған ерекше форматтағы іс-шаралар ұйымдастырды. Шара барысында «Финишта арт-терапиясы» және «Ізгі тілек» секілді психологиялық демеу мен мотивациялық элементтерге негізделген әдістер қолданылды. 
Аталған кездесулер жас педагогтардың өзара жақын араласып, сенімді қарым-қатынас орнатуына, ішкі толқыныстарын жеңілдетіп, кәсіби бағытта ой қозғауына үлкен серпін берді. Жас мамандар жүректен шыққан шынайы пікірлерімен бөлісіп, шабыттанып, өз кәсібіне деген сенімі мен құлшынысы арта түскенін білдірді. 

Іс-шара соңында ұстаздар тарапынан жылы лебіздер мен әсерлі кері байланыстар айтылып, жас мамандарға осындай қолдаулардың үлкен рухани күш беретінін жеткізді. Бұл — ұстаздық жолдың бастауындағы әр маманға берілген құнды бағыт пен шынайы жанашырлықтың көрінісі болды.
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Аягөз
#Абай180жыл_Абай_облысы_Аягөз 
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Аягөз
                https://www.instagram.com/p/DQ_MVTcjKcc/?igsh=MWU1cWc3dHNveGNubQ==
Добавлено: 20-11-2025, 12:57
0
31

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх