RU KZ

Балалардын қауіпсіздігі басты назарда

«Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда»
Абай облысы, Аягөз ауданы, «Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2025 жылдың 14 қараша күні мектеп психологы Капенова Гаухар Серікханқызы оқушылармен «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында балаларға күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерден сақтану жолдары, мектеп пен үйдегі қауіпсіздік ережелері, жол қозғалысы ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынастағы сақтық, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік туралы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, оқушылар арасында кездесуі мүмкін буллинг (қорлау, кемсіту) тақырыбы да қозғалып, оның салдары мен алдын алу жолдары жан-жақты талқыланды. Психолог балалармен ашық әңгіме жүргізіп, нақты мысалдар келтіре отырып, түрлі жағдаяттардан шығу жолдарын көрсетті.

Аталған түсіндіру жұмыстары тек оқушылармен шектелмей, ата-аналарға да маңызды ақпарат жеткізілді. Буллингтің алдын алу және қауіпсіздік шаралары бойынша ата-аналар чатына ақпараттық хабарлама таратылып, баланың қауіпсіздігіне бірлесе жауапкершілікпен қарау ұсынылды.

Бұл шара балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және ата-анамен тығыз байланысты нығайтуға бағытталды.

#ППҚҚ_апталығы_ӨПҚӘО  #неделя_СППС_РМЦПП 
 @centr_psychology_abay 
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Аягөз
#Абай180жыл_Абай_облысы_Аягөз 
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Аягөз
                 https://www.instagram.com/p/DRBoYc2DDeF/?igsh=MWFjcXptYzJ0ZWI2MQ==
Добавлено: 14-11-2025, 11:49
0
14

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх