«Айгөлек» жазғы демалыс алаңқайында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Балалар ауыл әкімшілігіне барып, арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Олар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Концерт барысында балалардың шығармашылық қабілеттері мен сахна мәдениеті көрініс тапты.
Сонымен қатар, «Балалық шақтың аспаны» атты фотосессия ұйымдастырылып, балалар түрлі тақырыптағы фотозоналарда суретке түсті. Бұл шара балалардың көңілін көтеріп, мерекелік атмосфераны толықтырды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және мерекелік көңіл күй сыйлау болды.
Абай облысы білім басқармасының
Аягөз ауданы білім бөлімінің
«Тарбағатай жалпы орта білім
беретін мектебі» КММ.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
https://www.instagram.com/p/DKXNY6SC2H5/?igsh=MWlrdnZuanJ3bHYybQ==