RU KZ

"ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ-АМАН БОЛАР АДАМЗАТ" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ_де Экологтар күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" жалпыұлттық акциясы аясында "ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ-АМАН БОЛАР АДАМЗАТ"  тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты — оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. 
Оқушылар өз қиялдарына ерік беріп, экологиялық тазалық пен табиғат сұлулығын сурет арқылы жеткізуге тырысты. Суреттерден балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі көрініс тапты. Байқау шығармашылық қабілетті дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға сеп болды.
Тәлімгер: Тлеубергенова Ұлжан
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
                    https://www.instagram.com/p/DKPKczSCA2l/?igsh=Yjl6YjIwcGswbGIy
Добавлено: 19-06-2025, 10:00
0
85

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх