RU KZ

Идея жәшігі

12.11.2025 ж. күні Абай облысы, Аягөз ауданы білім бөлімінің «Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мектеп парламентінің кезекті жиналысы өтті.   Жиналысқа дейін үлкен дәлізге арнайы орнатылған “Идея жәшігі” оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділік танытты. Бұл жәшік арқылы оқушылар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ашық хаттар арқылы білдірді.   Парламент жиналысында сол хаттар оқылып, мектеп оқушыларының шығармашылық ұсыныстары мен қызығушылықтары зерделенді. Нәтижесінде, оқушылар мектеп қабырғасында тек білім алып қана қоймай, түрлі бағыттағы мазмұнды да қызықты іс-шаралардың ұйымдастырылғанын қалайды екен. Атап айтқанда:
– Зияткерлік сайыстар мен логикалық ойындар; 
– Спорттық жарыстар мен эстафеталар; 
– Үзіліс уақытындағы көңілді ойындар мен флешмобтар; 
– «Chocolate Day» секілді ерекше күндер; 
– «Білімділер сайысы», «Күлкі күні», «Шеберлер әлемі» тәрізді креативті жобалар. 
  Жиын соңында мектеп парламенті оқушылар ұсынысын назарға алып, алдағы уақытта оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, ерекше форматтағы шараларды жүйелі түрде өткізуге шешім қабылдады.
Мектеп тәлімгері: Тлеубергенова Ұлжан 
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Аягөз
#Абай180жыл_Абай_облысы_Аягөз 
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Аягөз
                 https://www.instagram.com/p/DQ88NEvDJt8/?igsh=MTlhbzFkanhpM2ZzYg==
Добавлено: 12-11-2025, 10:30
0
17

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх