RU KZ

Мектеп формасын өзгерту дұрыс

Абай облысы Білім басқармасының Аягөз ауданы Білім бөлімінің «Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де БП "Мектеп формасын өзгерту дұрыс"деп есептейді.... тақырыбында тартысты қызу  пікірсайыс өтті. БП (Бекітуші пікір) тобы мектеп формасын өзгерту – оқушылардың өзін-өзі көрсету еркіндігіне жол ашып, білім беру үдерісінде жайлылықты арттырады деп есептейді. Олар форманың ыңғайлылығы, заман талабына сай болуы, түрлі ауа райына бейімделуі, сондай-ақ әлеуметтік теңсіздікті жоюдағы жаңаша тәсілдер туралы нақты дәлелдер келтірді. 

ҚП (Қарсы пікір) тобы мектеп формасын өзгертудің тәртіпке, бірлікке кері әсер ететінін айтып, дәстүрлі форманың тәрбиелік мәнін қорғады. 

Дебат қорытындысы бойынша БП тобы өз ұстанымын нақты, логикалық, дәлелді түрде қорғап шықты. Олардың заманауи, ыңғайлы әрі оқушы психологиясын ескеретін ұсыныстары пікірталаста басым болды. 

Нәтиже: БП тобының пікірі орынды деп танылып, “Мектеп формасын өзгерту дұрыс” деген тұжырым қолдау тапты.
Дебат жетекшісі:  Өміртаев С. Е
 #Адал_азамат_Абай_облысы_Аягөз
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Аягөз
#Абай180жыл_Абай_облысы_Аягөз 
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Аягөз
                https://www.instagram.com/p/DQ4VvxhjEOz/?igsh=Y2hyZDJid3Fiem5h
Добавлено: 5-11-2025, 11:45
0
18

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх